Басты Жаңалықтар 23 қаңтар - Қолмен хат жазу күні

23 қаңтар - Қолмен хат жазу күні

23 қаңтар - Қолмен хат жазу күні

Достар, бүгін Қолмен хат жазу күні екенін сендер білесіңдер ме? Жалпы, бұл күн қалай пайда болды? 
Қазір заманауи технологиялардың дамыған уақытында қолмен хат жазу әдісі қалып бара жатыр. Бірақ,  қолмен жазудың қаншалықты құнды екенін көпшіліктің есіне түсіру мақсатында бұл мерекені атап өту "Жазу құралдарын өндіру қауымдастығының" басшылығымен қайта қолға алынған екен. Бүгінгі таңда алтыннан бағалы сарғайған қағаздар мен жазушының қаламсабы өскелең ұрпақ үшін өсиетті жәдігерге айналып бара жатқанын бәріміз білеміз. Себебі, жастар қаламнан гөрі компьютер мен ұялы телефонға жүгінеді. Баспа, сандық ақпарат жаулап алған кезеңде әділетсіз ұмыт болған қолмен жазылған хаттың маңыздылығын ескере жүрген жөн. Қолмен жазу барысында адам есте сақтау қабілетін арттырады. Ойды тұжырымдап, мидың жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, басқа тілді меңгерген уақытта қолмен жазу әдісін пайдаланып, сөздерді ұзақ еске сақтай алады екен.

Ал, сендер қолмен хат жазып жүрсіңдер ме?

Бөлісу