Басты Жаңалықтар 2018 жыл - "Балалар әдебиетінің жылы" деп жарияланды

2018 жыл - "Балалар әдебиетінің жылы" деп жарияланды

2018 жыл - "Балалар әдебиетінің жылы" деп жарияланды

Қымбатты ата-ана, жас достар, биылғы жыл «Балалар әдебиетінің жылы» деп аталғаны жайлы білесіздер ме ? 
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылды республикалық деңгейдегі «Балалар әдебиетінің» жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Астана қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана жанынан "Балалар кітапханасы" ашылды. Сол кітапхананың қорын жасақтау үшін 2018 жылдың 8 қаңтарынан бастап, 1 маусымына дейін «Балаларға базарлық» атты акция жариялайды.  

Рухани бастамаға белсене қатысып, балалар кітапханасының қорына  кітаптар сыйға тартқыңыз келсе, мына мекен жайға барсаңыз болады. 
Астана қаласы, Достық көшесі, 11. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы. Байланыс нөмірлері:  8 (717) -2-47-27-19;  Ұлы байланыс телефоны: +77784029819

Бөлісу