Басты Жаңалықтар Жаңа жылда балаларды қайда апаруға болады?

Жаңа жылда балаларды қайда апаруға болады?

Жаңа жылда балаларды қайда апаруға болады?

Достар, сендер Астана қаласының бас шыршасы қай жерде орналасқаны туралы білесіңдер ме ? Жаңа жылдың символына айналған жайқалған жасыл шыршамыз «ЭКСПО» көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» сферасының маңайына орнатылды. Оның шамдары 18 желтоқсан күні жағылған болатын. Бас шыршаны жағумен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында орналасқан ірі мұз қалашықтың да ашылуы өтті.

Қалашықтың тақырыбы  «ЭКСПО-2017» Болашақтың энергиясы» деп аталды. Лондонның Гайд-паркінде 1851 жылы ашылған бірінші ЭКСПО көрмесі мен 1889 жылғы көрмедегі кіреберіс қақпа - Эйфель мұнарасының мұз көшірмесі қойылды. Сондай-ақ, биіктігі 6 метр атақты Дисней Лэнд сарайының көшірмесі, биіктігі жарты метрге жуық 80 метрлік лабиринт елорданың кішкентай тұрғындары мен қонақтарын қызықтырды. Сондықтан жаңа жылдық демалыстарды отбасыңмен  ЭКСПО аймағында өткізуге тамаша мүкіндік.

Бөлісу