Жанар Шәмел: «Balapan» 7 жыл ішінде жас мамандарды дайындап келе жатыр
Бүгін «Balapan» арнасының директоры Жанар Шәмел және «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламасының жүргізушісі Фатима Ерімбет «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.
Сұхбат барысында Жанар Шәмел: «2010 жылы Елбасының бастамасымен балаларға арналған еліміздегі тұңғыш телеарнаны ашу қолға алынды. Сол жылдан бастап «Balapan» телеарнасын біздің кішкентай көрермендеріміз тамашалап келеді»,- дейді.
Сондай-ақ, «Кез-келген хабардың өз көрермені бар. Өнімдеріміздің ішінде сұранысқа ие ол тікелей эфирде жүргізілетін хабарлар. Балалар ол жерде бірден өз ойларын айта алады, ойынға қатысып кетеді, сыйлығын алады. Балаларға бұл қызық деп ойлаймын»,-деп өз пікірін білдірді.
Сонымен қатар, Ж.Шәмел «Balapan» 7 жыл ішінде жас мамандарды дайындап келе жатқанын атап өтті.
Аудиториясы 12 жасқа дейінгі балаларды қамтитын арнаның жаңа маусымға әзірлеген тосынсыйы көп.