Астанада «Balapan» арнасының 7 жылдығына орай «Самға, Балапан» атты концерт өтеді

23-қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «Balapan» арнасының 7 жылдығына арналған «Самға, Балапан» концерті өтеді.
14:00-де Қонақтардың қызыл кілемнен өту рәсімі
16:00-де Гала - концерт
Іс-шара қонақтардың САРЫ кілемнен өту рәсімінен басталады. Жыл сайын жоғары-рухани деңгейде өтетін бұл жүлделі мерекеде балаларға арналған сан қилы атрибуттар, жарқын түстер, қызықты ойындар болады, үлкендер балалардың таңғажайып қиял әлеміне жол тартады.
Сонымен қатар, балалар селфи алаңында суретке түсіп, арнаның жаңа кейіпкерлері Қозықа, Алаң және Данышпан қарға киіміндегі аниматорлармен бірге көңіл көтереді.
Сондай-ақ, келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталады:
1. Ең үздік тікелей эфир жүргізушісі
2. Ең үздік бағдарлама жүргізушісі
3. Ең үздік анимациялық фильм
4. Ең үздік ойын-сауықтық бағдарлама
5. Ең үздік дубляж
6. Ең үздік сценарий авторы
7. Ең үздік режиссер
8. Ең үздік спорттық бағдарлама
9. Ең үздік телехикая
10. Ең үздік музыкалық бағдарлама
11. Ең үздік танымдық бағдарлама
12. Ең үздік интеллектуалдық бағдарлама
Арна үздіктерін бірге анықтап, көңілді кештің куәсі болайық!