Басты Жаңалықтар «Балапан» телеарнасының ұжымы балдырғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

«Балапан» телеарнасының ұжымы балдырғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

«Балапан» телеарнасының ұжымы балдырғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

«Қазмедиа» орталығында «Балапан» телеарнасы фокус тобының кеңес отырысы өтті. Оған 4-12 жас аралығындағы 8 бала және олардың ата-аналары қатысты.

Балалар мен олардың ата-аналары жаңа маусымда шығатын «Саядан хат», «Алан мен Қозықа» мультхикаясы мен «Еркетай» бағдарламаларын көріп, өз пікірлерін білдірді.

 

«Саядан хат»  бағдарламаласын көрген Төлеутай әже: «Рухани жаңғыру деген осы тарихи жерлерді таныстыру. Өткен тарихты еске түсіру»,-деп пікірін айтты.  

Ал балалармен бірге келген Ырыскүл мұғалім: «Саядан хат»  бағдарламаласы тағылымы мол бағдарлама. Мектепке жақсы  нұсқаулық. Бағдарламалардан балалар тарихи жерлер туралы толық мәлімет ала алады»,-деп толықтырды.

Ал кішкентай бүлдіршіндер «Еркетай», «Алан мен Қозықа» мультхикаяларын көз алмай тамашалап, ұнатқандарын жеткізді.

Жиналысқа қатысқан ата-аналар баланың математикалық қабілетін дамытатын, мағыналы, тәрбиелік мәні зор бағдарламалар көбірек түсірілсе деген пікірлерін білдірді.

Қорытындылай келе, ата-аналар мен бүлдіршіндер  «Балапан» телеарнасына сәттілік тілеп, тек қызықты да, сапалы бағдарламалар күтетіндерін жеткізді.

Бөлісу