«Балапан» арнасында жаңа маусым

28 тамыздан бастап «Балапан» телеарнасы жаңа телевизиялық маусымын бастайды.
Күзгі маусымда «Балапан» арнасы кішкентай көрермендерін жаңа бағдарламалармен қуантпақ.
Биылғы маусымның басты жаңалығы – арна жаңа логотиппен көрерменге жол тартады. Логотипте негізгі қолданылған екі түс: көк және сары.
Сондай-ақ, арнаның жаңа маусымында тікелей эфирдегі 5 бағдарлама эфирге шығады. Олар: «Үй тапсырмасы», «Ақ сандық-көк сандық», «Кел, ойнайық!», «Не? Қайда? Қашан?», «Балапан news».
«Балапан» арнасынан Қазақстандағы fantasy жанрындағы тұңғыш балалар телехикаясы - «Қалқанқұлақ» көрермен назарына ұсынылады.
Биылғы маусымның тағы бір қызықты жобасы - «Саядан хат» реалити –шоуы. Осы хабар арқылы көрермендер туған жеріміздің сұлу табиғатымен, тарихқа толы жерлерімен таныса алады.
«Алан мен Қозықа» мультхикаясы - 3D форматтағы, оқу-танымдық жанрындағы жаңаша мульттоптама. Айналасын танып-білуге құмар Барыстың күшігі Алан мен Арқардың төлі Қозықа табиғатқа саяхат жасап, бұрын-соңды білмеген құбылыстарға куә болып, мол білім жинайды.
Сонымен қатар, көрермендердің сұрауы бойынша «Шытырман», «Күлдір-бүлдір», «Еркетай» сынды бағдарламалардың жаңа бөлімдері көрсетіледі.
Әлемдік мультхикаялардан «Элвин және ақсары тышқандар», «Теңіз қарақшылары және капитан», «Кеми экспедициясы» да кішкентай бүлдіршіндерге тарту етіледі.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
https://www.instagram.com/balapantv/