Басты Жаңалықтар «Балапан» арнасы Жаңа маусымда жаңа телехикаяны назарларыңа ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» арнасы Жаңа маусымда жаңа телехикаяны назарларыңа ұсынады (ВИДЕО)

Бейне қолжетімді емес

«Қалқанқұлақ» телехикаясы - Қазақстандағы fantasy жанрындағы тұңғыш балалар
телехикаясы. Сиқырдың күшімен «Қалқанқұлаққа» айналған баланың шытырман оқиғалары көрсетіледі.

Ол өзінің ерекше құлағының арқасында жануарлардың тілін түсінеді, бірақ әрбір жасаған жақсылығы үшін құлағы кішірейіп, оның қасиеті де жоғала бастайды. Оқиға осылайша шиеленіседі. Өзің қалқанқұлаққа айналдырған сиқыршыны іздеу барысында, ертегі, аңыз кейіпкерлерімен кездеседі.

Ерекшілігі – анимация аралас ғажайыпқа толы комедия стилінде жасалады.

Әр сериясы бір оқиғаны қамтиды.

Бөлісу