Басты Жаңалықтар Жас суретшілер арасында «Менің сүйікті мультфильмім» атты байқау жарияланды

Жас суретшілер арасында «Менің сүйікті мультфильмім» атты байқау жарияланды

Жас суретшілер арасында «Менің сүйікті мультфильмім» атты байқау жарияланды

Сурет бәйгесі «Мен жақсы көретін қазақ мультфильмі» және «Менің қиялымдағы кейіпкер» атты екі номинациядан тұрады.

Бәйге Қазақ анимациясының 50 жылдығына арналады.

Алғашқы номинацияда қатысушылар қазақ анимациялық мультфильмдерінің желісінде салынған суреттерін немесе комикстерін жібере алады.

Екінші номинация бойынша үміткерлердің өз қиялынан туған, ертегі, аңыз-әңгіме мен мифтік кейіпкерлері бейнеленген шығармашылық жұмыстары қабылданады.

Суреттерді салуда жанр бойынша еркіндік беріледі.

Шетелдік мультфильмдер мен кейіпкерлері негізінде салынған туындылар қабылданбайды.

Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Биылғы мектеп түлектері мен колледж студенттері қатыса алмайды. Жұмыстардың сканерлік нұсқасын «Ұлан» газетінің npulan@mail.ru  электронды поштасына, сонымен қатар, Қазпошта арқылы редакцияға (Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175 үй, 401, 409, 322-кабинеттер. Мекен-жай туралы толық ақпарат газеттің соңғы бетінде) жіберуге болады. Суреттермен қоса, қатысушының аты-жөні, мектебі, мекен-жайы, телефон нөмірі толық көрсетілуі тиіс. Жұмыстар 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы «Ұлан» газетінің 24-қазан күнгі санында жарияланбақ.

Сонымен қатар, үздік жұмыстар «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары мен «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінде жарық көреді.

Байқау суреттерін «Қазақфильм» АҚ Анимация бөлімінің мамандары бағалайды.

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттар тапсырылады.

 

 

Бөлісу