Басты Жаңалықтар #МеніңБаламБалапаным хэштегі бойынша жариялаған байқауға видеоларды қабылдау жалғасуда

#МеніңБаламБалапаным хэштегі бойынша жариялаған байқауға видеоларды қабылдау жалғасуда

#МеніңБаламБалапаным хэштегі бойынша жариялаған байқауға видеоларды қабылдау жалғасуда

Құрметті ата-аналар!

«Балапан» телеарнасы #МеніңБаламБалапаным хэштегі бойынша жариялаған байқауға видеоларды қабылдау жалғасуда.

Байқауға қатысу үшін:

-өз инстаграм парақшаңызға балаңызды алдыңызға алып немесе балаңызбен бірге түскен видеоны жариялаңыз.

/Видеода балаңыз қандай? Оның қандай тәтті қылықтары бар? Осы және басқа да сұрақтарды қамтуыңызға болады/

-парақшаңыз міндетті түрде ашық болуы тиіс

Видеоны #меніңбаламбалапаным хэштегі арқылы жүктеңіз.

Байқауға еліміздің барлық қала, ауылдарының  тұрғындары қатыса алады.

Айта кетейік, үздік видеолар «Балапан» телеарнасының эфирінен беріледі.

Ескерту!

Балаңыздың жасы 12-ден аспауы тиіс.

Бөлісу