balapantv.kz жариялаған «Көктемгі жаңару» байқауы қорытындыланды

Бүгін «Қазмедиа» орталығында #zhanaru байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы үздік қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, телеарна атынан арнайы сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, #zhanaru байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан астам бейнеүзіктер келіп түсті.
Шарттарды толық орындаған 29 қатысушы байқаудың 2-кезеңіне жолдама алды. Олар 5 сәуір мен 17 сәуір аралығында дауыс беру арқылы өзара жарысқа түсті.
Байқау нәтижесі бойынша 2431 дауыс жинаған Астана қаласының тұрғыны 8 жасар Жөкен Қарлығаш жеңімпаз атанды.
Ал 2241 дауыс жинаған 3 жасар Ыбырай Фатима 2-орын иеленді. Сондай-ақ, атыраулық 4 жасар Қонысбай Нұрайым 1047 дауыс жинап 3-орынға ие болды.
Бүгін 3 үздік қатысушы «Балапан» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Бірге-бір», «Аялдама» бағдарламаларына қатысып, «Еңбек-ермек» және «Күлдір-бүлдір» бағдарламаларының түсірілім алаңдарына барды.
Толығырақ жұма күні 21:25-те шығатын «Балапан news» жаңалықтарынан көре аласыздар.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
«Балапанмен» бірге болыңыздар!
Алда талай байқаулар болады.