Байқау! Сіздің идеяңыз іске асатын күн туды!

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұсынады.
Қадірлі дос! Сіздің идеяңыз іске асатын күн туды! Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Балаларға арналған анимациялық фильмге байқау жариялайды.
Бүлдіршіндеріміз бесіктен ана тілмен ауыздансын десеңіз бізбен бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ол үшін төмендегі талаптарға сай тың идеяларыңыз бен креативті жобаңызды жолдаңыз.
- Хронометраж – 8 минут;
- Серия – 15;
- Аудитория – 6+
- Тілі – қазақша
- Форматы –2, 3 D
Тұжырымдама, пилоттық жоба, синопсис ағымдағы жылдаң 15 сәуіріне дейін (tilortalyk@mail.ru электронды поштасына) қабылданады.
Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған еңбектер сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және аудиторияға ұсыну Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8(7172) 40 83 67, 8 707 061 61 21 нөміріне хабарласыңыз.