Бүгін - Халықаралық театр күні!
Бұл - театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі.
Осыдан 51 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен Конгрессте 27-наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі.
Деректерге сүйенсек, алғашқы театрлық ойын Мысырда қойылды, оның сюжетіне мысыр аңызының образдары - Осирис құдайының хикаялары енді.
Театр атауы көне грек тілінің «theatron» сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия - театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.
«Балапан» телеарнасы барша театрсүйер қауымды, театрдың жанына айналған - театр әртістерін төл мерекелірімен құттықтайды!
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55