Ертең «Балапан» телеарнасында «Бір күн Дарамен» акциясы өтеді
Ертең «Балапан» телеарнасында «Бір күн Дарамен» атты акциясы өтеді. Бұл акция балалардың сүйікті «Саяхатшы дара» мультхикаясының бас кейіпкері Дараға арналады. «Балапан» телеарнасының кішкентай көрермендері аталмыш мультхикаяның 5 бөлімін сағат 07:15, 11:25, 14:30, 17:20, 20:00-де тамашалай алады. Сондай-ақ, тікелей эфирде өтетін «Ойлан, тап!» және «Бірге-бір» бағдарламаларының басты тақырыптары да Дараға арналмақ. Осы акцияға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беретін көрермендер мен жеңімпаздар Дараның арнайы сыйлықтарына ие болады.
7 наурызда күні бойы «Балапан» телеарнасымен болыңдар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25