Басты Жаңалықтар «Аялаған Астана-2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда (ВИДЕО)

«Аялаған Астана-2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда (ВИДЕО)

«Аялаған Астана-2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда (ВИДЕО)

«Аялаған Астана» балалар байқауы жаңа таланттарды іздейді. Байқауға республика бойынша 7 мен 13 жас аралығындағы әнші балалар шақырылады.

Өтініштер 2017 жылдың 15-і ақпанына дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты Астана қаласындағы +7 (717) 2 70-12-14 және +7 775 000 57 71 телефондары арқылы білуге болады. 

Қосымша ақпарат:

«Аялаған Астана» балалар байқауы Астана қаласының 15 жылдығы аясында тұңғыш рет өткізіліп, республика жұртшылығы арасында, оның ішінде дарынды әнші балалар арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болып, биыл 5-ші мәрте өткізілгелі отыр.

Байқаудың басты мақсаты - республика бойынша жас дарынды әншілерді тауып, олардың өнерін барша халыққа таныстыру. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша сараптан өткен финалист балалар Астанаға келіп, елорданы тамашалау мүмкіндігіне ие болады, әрі қазақстандық және ресейлік ұстаздардан ән айту, актерлік шеберлік, хореография бойынша дәріс алады.

Дәстүр бойынша «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы еліміздің намысын Халықаралық «Детская Новая волна» байқауында қорғайтын болады.

Байқаудың ақтық сыны «Қазақстан» Ұлттық арнасының эфирінде көрсетіледі. Биылғы байқау Астана қаласында өтетін ірі халықаралық жоба «Астана EXPO – 2017» көрмесіне арналады.

Бөлісу