Бүгін - Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күні

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бері 70-тен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ, әдеби-сын кітаптары жарық көрді. Өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны 200-ден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» өткір сатиралық комедиясы мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» және «Әмір Темір» драмалық шығармалары туды.
Қадыр Мырза Әлінің көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Ол әлемдік әдебиет ғұламаларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылды.