«Балапан» телеарнасында - көліктер туралы мультхикая
Тайо, Тайо, Тайо, Тайо,
Мен – кішкентай автобуспын.
Кей кезде жылдаммын,
Баяу да мен жүремін.
Автобуспен қала көшелерін серуендегің келе ме? Ендеше «Балапанға» қосыл! «Тайо» мультхикаясын тамашала!
Мультхикаяның басты кейіпкері - Тайо. Ол – кішкентай автобус.
Тайо күнде қызықты оқиғаға тап болады. Егер ол қателессе, достары - Роги, Лани және Гани көмектеседі.
Олар әрқашан Тайоның қасынан табылады. Үнемі бір-біріне көмектеседі.
Сендер де достарыңа жиі көмектесесіңдер ме?
«Тайо» мультхикаясы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 08:35-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55