Еліміздің батыс өңірінде орналасқан, бес бірдей елдің достығы мен қарым-қатынасына дәнекер болған, тарихтың қатпарлы сырын тұңғиығына жасырған қарт Каспийдің астында қайнаған тіршілік бар.
Тумысынан ширақ, ойы зерек, қызыққұмар Алақай да – осы бір теңіз асты шаһарының кішкентай тұрғыны. Жаз шықса атасының ауылына аңсары ауып тұратын Алақай биыл да жазды асыға күтті, өйткені алажаздай алысып ойнайтын достарымен қатар, Каспиймен бірге қартайған қарт балықтың қиссаларын тыңдап, балықтың басы кірмеген теңіздің терең тұңғиықтарын зерттеу Алақайдың ең сүйікті ісі еді. Атасының аңыздарына көз жеткізгісі келген Алақай мен оның достарын небір түрлі шытырман оқиғалар күтіп тұрды.