«Қызыл мен Күлгін»

Сипаттамасы

«Қызыл мен Күлгін» он сериядан тұратын қызықты анимациялық сериал. Бұл анимацияда құбыжықтар қорқынышты емес, құбыжықтар мейірімді және сүйкімді бола алады. Өйткені құбыжықтар тұратын  Түрлі-түсті қаланың бүкіл жүйесінің жұмыс істеу барысы құбыжықтардың көрсететін мейірімі мен күлкісіне, жақсы істеріне тікелей байланысты. Құбыжықтар қаласында олардың жақсылығын өлшейтін құрылғы бар. Құрылғы жинақталған жақсылықтан энергия алып, бүкіл қаланы жарықпен қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!