«Тотықұстар» жобасының
СИНОПСИСІ
Хронметражы: 5 минут
Серия саны: 17 серия
Жанры: танымдық
Тілі: қазақ
Форматы: 3D анимация
Аудиториясы: -6
Жобаның маңыздылығы:
«Тотықұстар» анимациялық телехикаясы экран алдындағы бүлдіршіндер мен жас жеткіншектерге комедиялық сюжет арқылы достық, бірлік, ынтымақты болудың маңызы мен сол арқылы түрлі жетістіктерге жету мүмкіндіктерін ұғынуды көздейді. Оқиға екі тотықұстың өмірінен комедия жанрында сыр шертеді.
Қос тотықұс бір-біріне қарама-қайшы өмір сүреді. Яғни, біреуі үйде, тор ішінде өмір кешсе, екіншісі даланың еркін тотықұсы. Екі құстың да арманы бар. Бірақ, сол армандарына жетуге екеуінің бір-бірін құрметтемеуі мен аяқтан шалуы кедергі келтірмек. Осындай қиғаш сюжетті желі көрермендерді түрлі ой мен түсінікке жетелейтініне сенім мол.
Қысқаша мазмұны:
Тор ішінде Үрпек атты сұр тотықұс өмір сүреді. Оған үйде қамалған ұнамайды. Ал үйдің сыртында, Дәдәу атты дала кезген тотықұс өмір сүреді. Оған еркіндікте өмір сүрген ұнамайды. Үрпектің арманы әрі мақсаты далаға шығу болса, Дәдәудің арманы үйге кіру. Енді осы тұста кереғарлық туындайды. Үй тотықұсы даладағы тотықұсты үйге кіргізбеуге тырысып, оның аяғынан шалып, түрлі кедергілер туғызады. Ал өзі тордан шығып, далаға ұшпақ болған сәтте оның жолын сұр тотықұс бөгейді. Осылайша әр бөлімде екі тотықұс бір-біріне жасаған тұзақтарына түсіп, мысық пен тышқан сияқты өмір сүреді. Екеуінің достасып, бір мәмілеге келуіне іштарлық қасиеттері кесірін тигізеді.
Әр бөлім екеуінің бір-біріне жасаған оқиғаларымен өрбиді.
«77 Ideas» ЖШС А. Даулетбекова