Сұлтан Бейбарыс

Сипаттамасы

Жобаның концепциясы: Анимациялық фильмнің балаларға арналғанын ескерсек, бас кейіпкер ретінде – Джафар есімді баланың образы алынады. Бала Джафар арқылы фильм барысында қызықты, әрі көңілді оқиғалар көрініс табады. Бала Джафар арқылы салмақты, күрделі тұлға – Сұлтан Бейбарыстың өмірінің тың беттері мен образдарының жаңа қырларын ашуға басымдық беріледі. Сұлтан Бейбарыстың образы арқылы Көне Түркілердің өмірі мен Ұлы Даланың ғибраты насихатталады. 

Жобаның маңыздылығы:

- Сұлтан Бейбарыстың өнегелі өмірін жас көрерменге қызықыты, жеңіл түрде көрсету;

- Тарихымызды қадірлеп, тұлғаларымызды дәріптеу;

- Балаларды елін, жерін сүюге тәрбиелеп, патриоттық сезімін ояту.

Хронометражы: 8 минут

Серия саны: 10

Жанры: тарихи, 3D анимация

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!