Шоқан. Қашқария сапары

Сипаттамасы

Бұл анимациялық жоба – кішкентай көрермендерді белгілі ғалым Шоқан Уалихановтың ең үздік экспедицияларының бірі болған Қашқария сапарымен таныстырады.

Оқиға 8 жасар Азаттың кенеттен 1858 жылға тап болуынан басталады. Азат генерал-губернатордың бұйрығымен жұмбақ Қашқарияға сапар шеккелі жатқан экспедитор Шоқан Уалихановты кездестіреді. Ол көзден таса жерде Шоқанмен досы Якуб Янкуловтың Қашқарияға жасырын кіру жолын ақылдасып жатқанын естиді. Бір кезде Якуб Құлжа қаласындағы атақты Қашқар көпесін есіне түсіреді. Ол 20 жыл бұрын Әлім деген баласымен Семейге келген болатын. Шоқанға сол баланың есімін жамылып, Әлім болуды ұсынады. Оның жасы да Шоқанмен шамалас еді. Бұл әңгіменің бәрін естіп тұрған Азат өз дәуіріне тек Қашқария сапары арқылы ғана қайта алатынын түсінеді. Ол астыртын түрде керуенмен Батыс Түркістанға (Қашқария) баруға бел буады.

Шоқан көпестерден ерекшеленбес үшін шашын алып, сырт келбетін өзгертеді. Сол сәттен бастап олардың қызыққа толы Қашқария сапары басталады. Жолда түрлі шытырман оқиғаларды бастан кешіп, Орталық Азияның тылсым да ғажайып өмірімен танысады.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!