Сарбаздар

Сипаттамасы

«Сарбаздар» – балаларға арналған анимациялық, шытырман оқиғаға толы мультипликациялық сериал. Мультхикаяда ағайынды қос бауыр Ақыл мен Асылдың басынан өткерген оқиғалары көрініс табады.

Ағайынды Ақыл мен Асыл Отанына, жеріне деген кіршіксіз махаббатымен, елін қорғап, оған қызмет ету мақсатында әскери болуды армандайтын жас өрендер. Екеуі бір-біріне бауырмашыл, ата-анасына қамқоршы, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын мейірімді балалар. 

Оқиға желісінде ағайынды қос бауыр Жер ананың олардың бойларына дарытқан тылсым күшінен супер қуат алып, ерекше қасиетке ие болып (Ақыл – супер ақыл қасиетіне ие болса, Асыл – Толағайдай алып күш иесіне айналады), өздерінің туған өлкесін, Отанын, Жер ананы өзге планетадан келген жаман пиғылды жаулаушылардан қорғап, оларға қарсы күрес жүргізіп, шабуылға ұран тастап шыққанда супер күштерімен қоса үстерінде супер киімдері де пайда болатын, өздері талайдан бері армандап келген нағыз жауынгер – нағыз Сарбаздар атанады.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!