Қобыланды

Сипаттамасы

Жеткіншек жас ұрпаққа отаншылдық рухын қалыптастырып, тарихымызға құрметпен қарауды сіңдіруді мақсат тұтқан бұл жоба аты әйгілі Қобыланды батырға арналады. Сюжет желісі эпостық жырдың белгілі бір кезеңін қамтиды.

Әр сериясы шытырман оқиғаларға, қиял-ғажайыпқа толы бұл фильмде қазақ мифологиясы мен фольклорында кездесетін жағымды да, жағымсыз кейіпкерлер ұшырасады. Осылайша кішкентай көрермендер қазақ эпосымен бейнелі түрде танысады.

Аудиториясы: -6
Жоба жетекшісі: М. Жұмабай
Бас продюсері: С.Кенжебаева
Продюсері: В.Тынысбекова
Бас режиссері: Қ.Абдибаева
Бас редакторы: Момынхан Қ.А.
Өндіруші компания: «Dala Animation» ЖШС
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: аптасына 1 рет
Бағдарлама саны, ұзақтығы: 10 серия, 6 минут
Жанры: танымдық 3D анимация
Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 70 89
Әлеуметтік желілерімізге қосыл!