Пырақтар

Сипаттамасы

Ұлылардың мекені, күреңіткен қасиетті топырақтың орманды жасыл желегінде Оғлан атты сақ баласы, күннің батар шағына елегізіп, қан қызыл шуаққа қызығып, еміне жүгіріп бара жатқан. Жүзінде қуаныш пен балалыққа тән шаттықтың нышаны бар. Жолда қолына бес қаруын сайлаған, үстіне кигені түгел аңның терісі, келбетінде ауыр салмақтың табы сезілетін аңшыны кездестіреді. Оғлан амандаспақ ниетте басын изеп өте береді. Аңшы болса жас баланың бұл қылығын менсінбегендей бір мырс етіп қала береді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!