«Жұлдыздар әлемі» анимациялық телехикаясының
СИНОПСИСІ
Хронметражы:5 минут
Серия саны: 16
Жанры: шытырман оқиғалы/ танымдық
Тілі: Қазақ
Форматы:3D анимация
Аудиториясы: -6
Жобаның маңыздылығылы:
Аспан-шексіз, сұлу, жұмбақ әлем екені мәлім. «Жұлдыздар әлемі» жобасының бірінші маусымында халқымыдың дүниетанымына негізделген аспан әлемі таныстырылып, жұлдыздар жайында қызықты аңыздар айтылып, бейнеленді. Ал, осы маусымда, әлемдік ғылыми негіздерге сүйеніп, жұлдыздар туралы қызықты ақпараттар мен тың деректер көрсетілмек.
Жобаның мазмұны:
Жұлдыдар әлемін сүйсіне тамашалап, аңыздарын оқып таңырқап жүрген Айша, күндердің күні аспан әлемінде бір келеңсіз жағдай боп жатқанын байқайды. Сол сәтте-ақ, кітабін ашып, жұлдыздардың мазасын қашырған нендей жағдай екенін іздейді. Түбінде, аспан әлемінде, планеталардың қас жауына айналған «жұлдызқұрт» немесе «жалмаушы» деп аталатын дене бар екенін біледі. Оны білген Айша, анасының рұқсатын алып, Айнамкөзді ертіп, ғарышқа аттанады. Сол күннен бастап апалы-сіңілі бауырлар, аспан әлемін кезіп, жұлдыздармен бетпе-бет танысып, олардың ерекшеліктерін көріп таңқалысады. Десе де, екеуінің басты мақсаты, жұлдыздарды «жұлдызқұрт, жалмаушыдан» араша ету болады. Хикая соңында олар өз мақсаттарына жетіп, жұлдыздардың досына айналып, үйлеріне жеңіспен оралады.
“BYIK production” продюсері Құрманжанова Т.К