«БОЗТОРҒАЙ»
жобасының синопсисі
Хронометражы: 7 минут
Серия саны: 10
Жанры: танымдық
Форматы: 3D анимация
Тілі: қазақ
Аудиториясы: - 6
Жобаның идеясы: Бұл мультхикая талантымен талайды тамсандырған Роза Тәжібайқызы Бағланованың құрметіне арналады. Қазақ ежелден күміс көмей, жезтаңдай әншілерін бұлбұл, бозторғай, сандуғаш деп атайды. Шынымен, Роза, Күләш апаларды тыңдасақ, дамылсыз тамағын бүлкілдетіп құс сайрап жатқан сияқты болатын, адам мен құстың дауысы аралас естіліп тұрады. Жобаның идеясы текті бұлбұл – Роза апайдың өмірін арқау еткен.
Жобаның мақсаты: Қазақтың балаларын отандық туындыларға қызықтырып, олардың санасына қазақы тәрбиені, аға буындардан қалған тектілік ұғымын, қазақы дүниетанымды сіңіру. Қазақ анимация өнерінің аудиториясын кеңейтіп, сұранысын арттыру.
Жобаның қысқаша мазмұны: Мультхикаяның 1-2 серияларында Роза Бағланованың өмірге келуі, 1-2 жас кездегі сәби шағы бейнеленеді. Фильмнің 3-9 серияларда Розаның мектеп шағы көрсетіледі. Өміріндегі қызықты оқиғалар баяндалады. Роза адамдардың айтқан сөзіне емес, олардың әуезіне назар салып, ерекше әуен таба бастайды. 10-шы серияда бойжеткен Розаның өнерге келуі, сахнада өнер көрсетіп, бүкіл әлемге қазақ музыкасын насихаттауы көрсетіледі.
«ASTANA FILM» жастар киностудиясы» ЖШС Бубеева Б.З.