Білгішбектер

Сипаттамасы

 «Білгішбектер» анимациялық телехикаясының жас жеткіншектерді қоршаған ортаны сүюге және оған қамқор болуға үйретеді.

Егін сақшысының бейнесі жас өренді табиғатты қорғауға баулиды. Ал оның досы Сауысқан екеуінің арасындағы достық қарым-қатынас кішкентай көрерменді досқа адал болуға және оны бағалауға үйретеді. Екі достың арасындағы шытырман оқиға таным-тағлымға толы.

Жас көрермен мұндағы әрбір затқа мән беріп оның тұрмыстық қажеттілігін түсінетін болады.

Егін сақшысы – күнбағыс алқабын құстар мен жәндіктерден қорғап тұрған ағаштан жасалған қарақшы. Ол әрі-бері жүріп зиянкестерді үркітеді. Бірақ өзіне белгіленген жеріне қайтып оралады.

Сауысқан – аузына түскен заттың бәрін егін алқабына таси беретін аңқау құс. Құмырсқа – қиындыққа ұшыраған егін сақшысын мазақтап кететін кейіпкер. Жылан – білімді, ақылгөй кейіпкер.

Хронометражы: 5 минут

Жоба саны: 26 бөлім

Жанры: танымдық, комедия

Форматы: 3D анимация

Тілі: қазақ тілі

Аудиториясы: -6

«77 Ideas» ЖШС


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!