Балақайлар

Сипаттамасы

Тату-тәтті аралардың отбасы. Әкесі құрылысшы, анасы мұғалім. Олардың үш баласы бар. Үйлері ағаштың ішінде орналасқан. Күнде таңертең ата-анасы жұмысқа кетеді. Сол кезде үйде қызу ойын басталады. Ойын барысында түрлі танымдық ақпаратпен бөлісу үшін экран алдындағы сәбилермен байланыс болады. Мысалы, ток көзіне саусақ тығуға болмайтыны немесе крандағы суды өшіріп жүру керектігі көрсетіледі.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!