Бала Бекзат

Сипаттамасы


Жанры: танымдық 3D анимация

Хронометражы: 7 минут

Саны: 10

Тілі: қазақ

Аудиториясы: -6

Кейіпкерлер:

Бекзат – ақылды, жіңішке денелі, 7 жасар батыл бала;

Айгерім – мейірімді, зерек, үздік оқушы. Бекзаттың көршісі, 7 жасар;

Досжан – аңғал, ақкөңіл, томпақ бала. Бекзаттың досы;

Мадияр – мақтаншақ, дөрекі бала. Бекзаттың сыныптасы;

Әкесі – байсалды, сабырлы, білімді адам. 40 жас шамасында;

Анасы – мейірімді, уайымшыл, іскер ана.

Идеясы:

 Біз бұл мультхикая арқылы аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған Бекзат Саттархановты өскелең ұрпаққа үлгі етеміз. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов өмірінің балалық шағын негіз ете отырып, кішкентай көрермендерге бала Бекзаттың бойындағы жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, табандылықпен мақсатына жететін, өз ісінің қас шебері болуға шақыру. Бекзаттың дене қуаты әлсіз, әлжуаз бола тұра, алдына үлкен мақсат қойып, соған жету жолындағы қайтпас қайсарлығын, еңбекқорлығын, асқақ руһын бүгінгі өскелең ұрпаққа көрсету.

Синопсисі:

Қарапайым отбасында туған Бекзат ақылды, еңбекқор, отбасына қолқабыс ететін, досына адал бала. Ол бойы аласа, жіңішке денелі, әлсіз бала болғанымен, дегеніне жетпей қоймайтын табандылығының арқасында өз армандарына жол салады. Ата-анасы оның дене қуатын көтеру мақсатында спортпен айналысуын қадағалайды. Басқа балалар секілді мықты болғанын, өзін қорғай алатын денелі азамат болуын ойлап оны күреске береді. Балаларға қызықты оқиғалармен өрілген мультхикаяда әр серия сайын бала Бекзаттың бір жақсы қырымен (адалдық, жанашырлық, еңбекқорлық, шыншылдық, табандылық т.б.) танысып, балалар танымын кеңейтетін мазмұндар да бірге көрсетіледі.

«ANYZ FILM» ЖШС Т. Майдан


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!