Жібек

Сипаттамасы

Қазақ халқының даналығын айшықтайтын түрлі қағидалар бар. Соның бірі әрі бірегейі – қыз баланы төріне шығарып, болашақ ел анасы ретінде зор құрмет танытуы. Тарихымызға үңілсек, ақыл-парасатымен ғана емес, қайсар мінезімен, ерлігімен есте қалған аруларымыз көп болған. Біз ұсынып отырған «Жібек» анимациялық сериалы сол қаһарман қыздардың ортақ бейнесін қалыптастыруды және кейінгі буынға үлгі етуді көздейді. 

Оқиға аспан әлемінен бастау алады. Жеті көкті мекен ететін жаратылыс иелері бойында ғаламат күші бар ғажайып тасқа таласады. Алайда, ол тас екеуіне де бұйырмай, төмен қарай құлап кетеді. Осылайша, ғажайып тас жер ғаламшарына, нақтырақ айтсақ, Жібектің үйінің ауласына түседі. Кішкентай қыз тасты байқап қалып, оған жақындай бергенде Жібектің бойына ғажайып тастың қуаты беріліп үлгереді. Сол күннен бастап Жібек ашуланып, мұңайған сайын айналасында түсініксіз жайттар орын алатынын байқай бастайды. Сөйтіп, кішкентай қыз өз бойында зор күштің барын біледі. Ең жақын достарын жинап, қаланы қауіп-қатерден қорғайтын супер қаһармандар тобын құрады.

Бірақ көп ұзамай аспан әлемінен тасты іздеушілер келеді. Тасты қайтарып алмақ болған зұлымдардың ойы – бүкіл әлемді өзіне бағындыру. Дегенмен Жібек және оның достары әлемді құтқарып қалу үшін кез келген қара күшке төтеп беруге дайын.

Хронметражы: 7 минут

Серия саны: 10 серия

Жанры: шытырман оқиғалы 3D анимация

Тілі: қазақ

Аудиториясы: -6


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!